ЧП

ЧП

Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуына қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 жаңа коронавирусты індет болып жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында 2019 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 2020 жылғы 16 наурызда 08 сағат 00 минуттан бастап 2020 жылғы 15 сәуірде 07 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімге төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 310 Жарлығымен төтенше жағдай режимі 2020 жылғы 11 мамырда 00 сағат 00 минутқа ұзартылды.

Қазақстан Республикасында 2020 жылда 11 мамыр сағат 00:00-ден бастап коронавирус пандемиясы салдарынан енгізілген төтенше жағдай режимі аяқталды. 

КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Короравирусқа байланысты сұрақтар бойынша Сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының call-орталығы 1406, 8 7172 768 043 нөмірлері бойынша хабарласа аласыздар.

Сондай-ақ, "Коронавирус – шұғыл желі" Telegram-бот жұмыс істейді, онда коронавирустық инфекция туралы негізгі ақпарат бар (коронавирус дегеніміз не, берілу жолдары, симптомдар, инкубациялық кезең, өзін жұқтырудан қалай қорғау керек, карантинге алынатындар және т.б.). Бот қазақ және орыс тілдерде қол жетімді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЛАЛАРЫНДА КАРАНТИН ТУРАЛЫ

ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия 2020 жылдың 19 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізді./ exit of vehicles within quarantine zones./выезд транспортных средств в пределах карантинных зон.

Карантин режимі бойынша толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайтынан табуға болады.

Мемлекеттік комиссия ҚР-да биылғы 4 мамырдан бастап жұмысқа кірісетін қызмет түрлерінің тізімін бекітті: 

·      аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері);

·      фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер;

·      шаштараздар (жазылу бойынша);

·      медицина орталықтары (жазылу бойынша);

·      стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша);

·      жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;

·      шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері;

·      ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.

Биылғы 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі. 

4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылданды. Рейстер санитарлық талаптардың нормаларын күшейтумен, аз жолаушылармен және салонда ерекше қашықтықты сақтап отырғызу арқылы жүзеге асырылады.

ӨҢІРЛЕРДЕ КАРАНТИНДІ АЛЫП ТАСТАУ МЕРЗІМДЕРІ ТУРАЛЫ

· Нұр-сұлтан қаласы: карантин эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін ұзартылды

· Алматы қаласы: карантин эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін ұзартылды

· Шымкент қаласы: карантин 25 мамырға дейін ұзартылды 

· Маңғыстау облысы: карантин 25 мамырға дейін ұзартылды

· Қызылорда облысы: карантин эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін ұзартылды 

· Ақтөбе облысы: карантин эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін ұзартылды 

· Алматы облысы: карантин эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін ұзартылды

· Ақмола облысы: карантин бірте-бірте, эпиджағдайдың жақсаруына қарай төмендетіледі 

· Қарағанды облысы: карантиндік шектеулер бірте-бірте алынып тасталады.

· Жамбыл облысы: карантин бірте-бірте алынады

· Атырау облысы: карантин 25 мамырға дейін ұзартылды

· Солтүстік Қазақстан облысы: карантин ерекше шарттармен ұзартылды

· Павлодар облысы: карантин эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін ұзартылды 

· Шығыс қазақстан облысы: карантин 1 маусымға дейін ұзартылды

· Батыс қазақстан облысы: карантин 25 мамырға дейін ұзартылды

· Түркістан облысы: карантин 25 мамырға дейін ұзартылды

· Қостанай облысы: карантин эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін ұзартылды

ҚАЗАҚСТАННАН ШЫҒАТЫН ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА

2020 жылғы 4 сәуір сағат 00:00-ден бастап шекараларда келесі автомобиль өткізу пункттері уақытша жабылады:

  • Қытай Халық Республикасымен шекара арқылы өткізу пункттері:

Көлжат - Алматы облысы

Бақты - Шығыс Қазақстан облысы

Майқапшағай - Шығыс Қазақстан облысы

  • Ресей Федерациясымен шекара арқылы өткізу пункттері:

Қондыбай - Қостанай облысы

Ақбалшық - Қостанай облысы

Қызыл Жар-Солтүстік Қазақстан облысы

Найза - Павлодар облысы

Жезкент - Шығыс Қазақстан облысы

Байтанат-Шығыс Қазақстан облысы

Қоянбай-Шығыс Қазақстан облысы

Орда - Батыс Қазақстан облысы

Шаған - Батыс Қазақстан облысы

Қарашатау - Ақтөбе облысы

  • Қырғыз Республикасымен шекара арқылы өткізу пункттері:

Аухатты-Жамбыл облысы

Қордай-Жамбыл облысы

Сыпатай батыр - Жамбыл облысы

Сартөбе-Жамбыл облысы

Кеген-Алматы облысы

  • Өзбекстан Республикасымен шекара арқылы өткізу пункттері:

Целинный-Түркістан облысы

Сырдария-Түркістан облысы

ИНВЕСТОРЛАРДЫ СЕРВИСТІК ҚОЛДАУ

ҚР Сыртқы істер министрлігі коронавирустың әлемде және көрші елдерде таралуына байланысты туындаған отандық және шетелдік инвесторлардың мәселелерін шешу бойынша шараларды үнемі қабылдауда.

Көптеген елдерде мемлекеттік шекараларды өткізу пункттерінде, вокзалдарда және әуежайларда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау шаралары күшейтілді, олардың кейбіреулерінде мемлекеттік шекара мүлдем жабылды. Алайда, кәсіпорындардың жоспарланған құрылыс-монтаждау және өндірістік қызметінің кестелерін сақтау мақсатында жүк тасымалы төтенше жағдайға қарамастан жүзеге асырылуы тиіс.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің жедел штабының жедел желісінің телефондары + 7 7172 720 046, + 7 7172 720 047, +7 7172 720 549.

Инвесторларға арналған сервистік қызметтер, сондай-ақ инвестициялық қызмет мәселелері бойынша консультациялар (визалық, салықтық, кедендік мәселелер, Қазақстан Республикасына шикізат, тауарлар, жабдықтар мен жинақтаушыларды жеткізу мәселелері бойынша және т. б.) инвесторларға арналған call-орталықтың +7 7172 620 620 нөмірі бойынша тәулік бойы көрсетілетін болады./7 by KAZAKH INVEST call-center: +7 7172 620 620.

Сондай-ақ, invest.gov.kz Ұлттық инвестициялық интернет-ресурста онлайн-сұраныстар үшін форманың көмегімен өтінімді қалдыруға және кеңес алуға болатынын еске саламыз.

"Инвестордың нұсқаулығы" бөлімінде Сіз шетелдік инвесторлар үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратпен таныса аласыз . Бөлімде ресми нормативтік құқықтық базаға сілтеме жасалған өзекті ақпарат берілген. KAZAKH INVEST сарапшылары кез келген мәселелер бойынша толық кеңес береді .

KAZAKHINVEST кіріс хат сұрақтары бойынша мына телефон арқылы хабарласыңыз: +7 7172 620 627.

ҚАЗАҚСТАНДА БОЛУ

Визаны алу және Қазақстанға келу туралы толық ақпарат Инвестициялық интернет-ресурста "Қазақстанда болу" бөлімінде қолжетімді.

KAZAKHINVEST маманының визалық және көші-қон мәселелері бойынша толық консультациясын келесі нөмір бойынша алуға болады: +7 7172 620 556.

Төтенше жағдай кезінде шетелдіктер болу мерзімін бұзғаны және Қазақстан Республикасынан уақтылы кеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

2020 жылдың 17 сәуірінде Қазақстан Үкіметі 1 қарашаға дейін шетелдік азаматтар үшін 72 сағаттық визасыз режимді алып тастау туралы қаулы қабылдады.

ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ

Жүк тасымалы төтенше жағдайға қарамастан қалыпты режимде жұмыс істеуді жалғастырады. Алайда, мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде, вокзалдарда және әуежайларда санитарлық-эпидемиологиялық режим күшейтілді

Жүк тасымалдарын ұйымдастыру мәселелері бойынша Сіз "ҚТЖ-Жүк тасымалы" call – орталығының +7 7172 603 030 нөмірі бойынша хабарласа аласыз .

ШҰҒЫЛ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕР

Қажет болған жағдайда шұғыл жедел қызметтерді шақыру келесі нөмірлер бойынша хабарласа аласыз:

  • өрт күзеті - 101
  • полиция-102
  • жедел медициналық көмек-103
  • газ желісінің апаттық қызметі-104
  • төтенше жағдайларда әрекет ету қызметі – 112

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге