Баспасөз релиздері

Сума Чакрабарти «Хабар» арнасына эксклюзивті сұхбат берді

Сума Чакрабарти «Хабар» арнасына эксклюзивті сұхбат берді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы отандық QAZVAC вакцинасын мойындауы мүмкін.

Мұндай болжамды Сэр Сума Чакрабарти айтты. Қазір ол Қазақстанда бірден екі жоғары лауазымды атқарып отыр. Президент Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі және реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес төрағасының орынбасары. Ерлан Бекхожиннің «Национальный Интерес» бағдарламасына берген эксклюзивті сұхбатында Еуропалық қайта құру және даму банкінің экс-басшысы Қазақстан экономикасының жай-күйі туралы өз ойымен бөлісті. Енді бизнес эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ. Вирустар белсенді мутацияға ұшырағандықтан ғылым экономикалық жетістіктің шешуші факторына айналады деді ол.

Ерлан Бекхожин, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы:

- Сіз Орталық Азиядағы жағдайды жақсы білесіз. «Коронакризис» туралы пікіріңізді айтсаңыз. Сіздің ойыңызша, біз қазір экономикалық дағдарыстың қай сатысында тұрмыз? Мұның алдын алу үшін қандай шаралар қабылдау керек?

Сума Чакрабарти, ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы жоғары кеңес төрағасының реформалар жөніндегі орынбасары:

- Жыл сайын екпелердің құрамын өзгерту керек. Халықты вакциналау үшін нарыққа жаңа нұсқалар енгізу қажет. Меніңше, Қазақстан орасан зор, үлкен жұмыс атқарды. 8 миллионнан аса адам екпе алды. Вакциналау қарқынын арттыруды жалғастыру керек. Осыны әрі қарай насихаттаңыз. QazVac-ты жақында ДДСҰ мақұлдайды және бұл қазақ ғылымының жетістігі. 

Президент кеңесшісі енді жаңа реформаларды әзірлеу кезінде эпидемиологиялық жағдайды қалпына келтіруден басқа бірнеше факторды ескеру қажет екенін айтты. Әсіресе климаттық өзгерістерге назар аудару керек. Осы маңызды сұхбатты бүгін «Хабар» телеарнасында 22:30-да Ерлан Бекхожинмен «Национальный Интерес» бағдарламасынан көре аласыз.

Дереккөз: 24.kz

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге