Медиа орталық

Қазақстан Еуропалық Одақты жасыл сутегімен қамтамасыз етеді

Қазақстан Еуропалық Одақты жасыл сутегімен қамтамасыз етеді

SVEVIND өз қаражаты есебінен Маңғыстау облысында қуаттылығы 20 ГВт-қа дейінгі электр станциясын салу жобасы бойынша жұмысты бастады. Жобаның құны 50 миллиард долларды құрайды.

Жобаны жүзеге асыру ЕО елдеріне электр энергиясын экспорттауға мүмкіндік береді деп болжануда. Өндіріс 2030 жылы басталады, электр станциясы 2032 жылға қарай толық қуатына шығады. Қуаттылығы жылына 2 миллион тонна жасыл сутегін құрайды, бұл ЕО-ның 2030 жылға қарай жасыл сутегін импорттау жөніндегі белгіленген мақсатының шамамен бестен біріне тең. Жоба қуаттылығы тәулігіне 255 000 текше метр тұщыландыру қондырғысын, 40 ГВт жаңартылатын энергия станциясын (жел, күн) және негізінен экспортқа немесе ішкі тұтынуға арналған 20 ГВт су электролизі өндірісін салуды және пайдалануды көздейді.

Жобаны іске асыру құрылыс кезеңінде шамамен 3500 жұмыс орнын және нысандарды кезең-кезеңімен іске қосу кезінде 1800-ге жуық жаңа тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру Маңғыстау облысында кадрларды даярлау бойынша Германия және Қазақстандық университеттер арасындағы ынтымақтастықты көздейді.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ SVEVIND компаниясының жобасын жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетеді, оның қолдауымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетімен инвестициялық келісімшарт жасалды.

KAZAKH INVEST басқарушы директоры Азамат Қожановтың айтуынша, бұл Қазақстан Үкіметімен және Ұлттық компанияның Task Force арнайы бөлімшесімен қолдау аясындағы алғашқы Келісім.

«Қазір біздің ұжым басқа шетелдік инвесторлармен бірге жасыл сутегі өндірісі саласында тағы екі жобаны қолға алуда. Сонымен қатар, басқа бағытта Инвестициялық келісім бойынша тағы үш жобаның шарттарын келісу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы тізбе инвестиция көлемі 13 млрд доллардан асатын 70 жоба», - деді Азамат Қожанов.

«Әлемдік қауымдастықты Қазақстан тұрақтылығымен, кең аумақтарымен, ыңғайлы орналасуымен тартады. «Жасыл сутегі» жобаларына мемлекеттік бюджет демеушілік жасамайды, бұл дүние жүзіндегі жеке инвесторлардың ақшасы. Қазақстан үшін бұл шикізат нарығынан алыстап, дайын өнім өндіретін экономикаға айналу мүмкіндігі. Ол сондай-ақ Қазақстан халқын Қазақстанның әртүрлі аймақтарында жаңа сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде. Біз үлкен әлеуметтік жүктемені мойнына алатын компанияларға басымдық береміз, бұл бірінші кезекте жергілікті халықты жұмысқа алу және оқыту», - дейді KAZAKH INVEST инвестициялық жұмыс тобының сутегі энергетикасы жобасының менеджері Асхат Бекенов.

Бес жылдан астам уақыт бұрын Париж келісіміне қол қойып, ратификациялаған Қазақстан көмірқышқыл газының шығарындыларын барынша азайтуға ниетті екенін мәлімдеді. Ол үшін 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығы стратегиясы қабылданды. «Жасыл» сутегі жобаларын дамыту - ең экологиялық таза және ең «таза» энергия көзі - бұл процесті айтарлықтай жеделдете алады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге