活动日历

Вебинар: "2022 жылға арналған маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттық"

Вебинар: "2022 жылға арналған маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттық"

Онлайн

Сіздерді «2022 жылға арналған маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттық» тақырыбындағы вебинарға қатысуға шақырамыз.

Вебинар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ бірлесіп, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы «КОРЭМ» АҚ мен «ЖЭКҚ жөніндегі РФО» ЖШС электр қуаты нарығында бірыңғай сатып алушының қатысуымен ұйымдастырылады.

Осы вебинардың мақсаты Қазақстан Республикасында маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жүйесін түсіндіру болып табылады. Вебинар аясында «сұрақтар мен жауаптар» сессиясы да қарастырылған.

Уақыты: 15.00-17.00 (Нұр-Сұлтан уақыты)

Тіркелу үшін: https://us02web.zoom.us/webinar 

返回/返回
安装应用程序:
1)在Safari中打开网站
2)点击保存
3)添加到主屏幕