Медиа орталық

Қазақстанда туризм жобаларына $8 млрд инвестиция тарту жоспарлануда

Қазақстанда туризм жобаларына $8 млрд инвестиция тарту жоспарлануда

Инвестицияны талап ететін инвестициялық жобалардың картасын қалыптастыру бойынша жұмыс шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрлігі Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, шамамен $8 млрд инвестицияны талап ететін 38 туризм жобасын анықтады. Оның ішінде $1 млрд-тан астам сомаға 19 жоба іске асырудың түрлі сатыларында, жалпы сомасы $6,9 млрд құрайтын 13 жоба бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бұдан басқа, жалпы сомасы $52,3 млн болатын 6 жоба іске асырылды.

Жақында жүзеге асырылған қонақ үй бизнесі саласындағы жобалардың бірі-Rixos Water World Aktau қонақ үйі. Бұл қонақ үй «ALL INCLUSIVE» жүйесі бойынша жұмыс істейтіңОрталық Азиядағы алғашқы 5 жұлдызды кешен.

Инвесторлар - «Rixos Hotels» компаниясы атап өткендей, Rixos Water World Aktau қонақ үйінде 500 нөмір бар, оның ішінде 462 делюкс нөмірі, 23 элиталық сьют және 15 вилла бар. Қонақ үйдің ұзындығы 420 метр болатын жеке жағажайы және 500 шаршы метр болатын демалу аймағы. Сондай-ақ су ойын-сауықтарының дамыған инфрақұрылымы, СПА және фитнес орталықтары.

«Ақтаудан үш сағаттық ұшу сапарында 20-дан астам ірі қала орналасқан. Бұл тек Қазақстаннан ғана емес, көрші елдерден де туристерді тартуға мүмкіндік береді. Жалпы Маңғыстау облысы табиғи сұлулыққа және туристерді тарту үшін үлкен әлеуетке ие. Мамандардың айтуынша жылына аймаққа 740 мың туристерді тартуға болады. Ал сапалы инфрақұрылым, оның ішінде «ALL INCLUSIVE» жүйесі бар қонақ үй өңірді одан да тартымды етеді», - деп түсіндірді «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ менеджері Оразгүл Қазистай.

Мұнда 750-ге жуық адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда. Қызметкерлерді оқыту Маңғыстау туризм колледжі базасында өтеді. Сонымен қатар, қонақ үй қызметкерлерінің бір бөлігі Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінде оқудан өтеді.

Айта кетейік, бұл елдегі осы брендтің 5-ші қонақ үйі. Rixos қонақ үйлері Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, сондай-ақ «Бурабай» демалыс аймағында бар. Бұл желідегі қонақ үйлер басқа елдерде, соның ішінде Ресей, Швейцария, Түркия, Мысыр, Хорватия және БАӘ-де бар. 

Анықтама: 2000 жылы құрылған Rixos қонақ үйлер желісі әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан бес жұлдызды люкс класты қонақ үйлердің бірі болып табылады. Бүкіл әлем бойынша қонақ үйлер желісінде 8 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Rixos 9000-нан астам нөмірі бар 25 қонақ үйлер мен курорттарды ұсынады. Rixos қонақүйлері жыл сайын 1 миллионнан астам қонақтарды қабылдайды.

Rixos қонақ үйлерін халықаралық қонақ үй ұйымдары бағалады және американдық Five Star Diamond Award премиясы, Conde Nast, World Travel Awards и Great Hotels of the World секілді сыйлықтарына ие.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге