Медиа орталық

Мемлекет басшысы Svevind Energy Group компаниясының бас директоры Вольфганг Кроппты қабылдады

Мемлекет басшысы Svevind Energy Group компаниясының бас директоры Вольфганг Кроппты қабылдады

Svevind Energy Group компаниясының басшылығымен кездесу барысында Маңғыстау облысында «жасыл» сутегін өндіру жөніндегі жобаны жүзеге асыруға дайындық мәселелері талқыланды.

Вольфганг Кропп:

  • Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельдің былтыр Қазақстанға жасаған сапары барысында қол қойылған Инвестициялық келісім аясында алдын ала жобалау-іздестіру жұмыстары (Pre-FEED) жүргізіле бастағаны жөнінде мәлімет берді;
  • жоба аясында су тұшыту зауытын, 40 гигаваттық жаңартылатын энергия көздері (жел, күн) станцияларын, сондай-ақ қуаты 20ГВт болатын әрі жылына 2 миллион тонна «жасыл» сутегін немесе 11 миллион тонна «жасыл» аммиак өндіре алатын суды электролиздеу қондырғысын салу және пайдалану көзделіп отырғанын хабарлады;
  • инвестицияның алдын ала болжамды көлемі 50 миллиард евродан асатынын жеткізді;
  • жобалық құжаттама 2026 жылға қарай аяқталатынын айтты. Сондай-ақ инфрақұрылым құрылысын 2027 жылы бастап, 2032 жылы пайдалануға беру жоспарланғанын мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз үшін Hyrasia One жобасын уақтылы жүзеге асырудың стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы аталған бастама Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері саласын дамытуда жетекші жобалардың бірі болатынына әрі еліміздің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Дереккөз: Маңғыстау облысының әкімдігі


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге