Қазақстан 2023 жылы әлемдегі бәсекеге қабілетті экономикалар арасында 37-орынға шықты

Қазақстан 2023 жылы әлемдегі бәсекеге қабілетті экономикалар арасында 37-орынға шықты

Халықаралық менеджментті дамыту институтының Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы (IMD, Лозанна, Швейцария) әлем елдері экономикаларының бәсекеге қабілеттілік деңгейін көрсететін жаңартылған мәліметтерді ұсынды. Зерттеуде «Экономикалық белсенділік», «Мемлекеттік тиімділік», «Бизнестің тиімділігі» және «Инфрақұрылым» сияқты факторлар бағаланады.

Қазақстан Республикасы өткен жылғы рейтингпен салыстырғанда 6 позицияға көтеріліп, оң динамика көрсетті. Нәтижесінде Қазақстан IMD-2023 дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 66,11 ұпаймен 37-орынға шықты.

2023 жылы рейтинг 64 елге кеңейтілді, оған Кувейт алғаш рет қосылды. Рейтингтің көшбасшысы – Дания. Сондай-ақ алғашқы 5 елдің қатарына Ирландия, Швейцария, Сингапур және Нидерланды кіреді.

Айта кетейік, бұл рейтинг 257 көрсеткішті қамтитын кешенді зерттеуге негізделген. Бұл көрсеткіштердің үштен екіден астамы статистикалық мәліметтерге негізделген, ал қалған үштен бірі сауалнамалардан алынған.

Рейтинг нәтижелерімен толығырақ танысу үшін Халықаралық менеджментті дамыту институтының ресми сайтына кіруге шақырамыз: https://www.imd.org/centers/wcc/world-competitiveness-center/

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге