Медиа орталық

Маңғыстау экономикасының өсуінің негізгі драйвері ретінде инвестициялар маңызы зор

Маңғыстау экономикасының өсуінің негізгі драйвері ретінде инвестициялар маңызы зор

Соңғы бес жылда Маңғыстау облысына 3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, өңір экономикасының серпінді дамуына септесті. Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға шамамен 840 млрд. теңге тартылды, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 45% - ға артық.

Биыл жыл басынан бері 12 инвестициялық жоба іске қосылды. Олар құйылған жалпы инвестиция көлемі 11 млрд. теңгеден асады. Оның ішінде ет комбинаты, металл прокат, арнайы жабдықтар мен техника, сондай-ақ темірбетон мен антифриз өндірісі бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Нұрлан Ноғаев хабарлады.

Жыл соңына дейін жалпы құны 9 млрд. теңге болатын тағы үш жобаны іске қосу жоспарлануда, бұл 90-ға жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, алдағы үш жылда тағы 54 инвестициялық жобаны іске асыру күтілуде. Бұл жобалар өңір экономикасына 1,4 трлн. теңге көлемінде қаржы тартуға және 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында жоспарланған.

Негізгі жобалардың бірі - Svevind неміс-швед компаниялар тобы жоспарлаған жасыл сутегі зауытының құрылысы. Бұл жоба тұщыландыру зауытының құрылысын, жаңартылатын энергия көздері станциясын, сондай-ақ 2 млн.тонна «жасыл» сутегі өндіретін зауытты пайдалануды қамтиды.

Сондай-ақ, ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының қатысуымен «Қаламқас, Хазар және Әуезов» кен орындарын игеру жобасы ерекшеленеді. 2024 жылы алдын ала жобалауды (FEED) іске асыру кезеңін бастау жоспарлануда. Жобаны ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде 2 мың жұмыс құрылады. Өндіріс 2028 жылы басталып, жылына 4 млн тонна мұнай өндіріледі деп күтілуде, - деді Маңғыстау облысының әкімі.

Сонымен қатар, «Kazpetrodrilling»қазақстандық компаниясымен стратегиялық ынтымақтастық шеңберінде Маңғыстау аумағында құбыр өнімдері мен сорғы-компрессорлық құбырлар өндіретін зауыттар салуды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Бұдан басқа, өңірде азық - түлік қауіпсіздігін, өнеркәсіптік және экспорттық әлеуетті нығайту шеңберінде «KazAzot Prime» ЖШС аммиак-карбамид кешенін салу жоспарлануда, сондай-ақ облыстың көлік-логистикалық әлеуетін арттыру мақсатында бүгінгі таңда YDA Group түрік компаниясы Каспий теңізінің акваториясында кеме жасау верфін салу жөніндегі жобаны іске асыруға мүдделі.

Сонымен қатар, трансұлттық компанияларды тарту шеңберінде канадалық Condor компаниясының (Қазақстандық «Qazaq LNG» ЖШС компаниясы атынан) сұйытылған табиғи газ өндіру жобасын іске асыру жоспарланған. Бұл жобалар өндірістік қуаттылықты арттыруға, экономиканың ілеспе салаларын дамытуға ықпал етеді. Бұл жалпы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына мультипликативтік әсер етеді, - деді Нұрлан Ноғаев.

Дереккөз: Маңғыстау облысының әкімдігі


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге