Медиа орталық

Ақтауда 160 МВт қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысы салынады

Ақтауда 160 МВт қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысы салынады

Бүгін Ақтауда қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысын (ПГУ) салуға арналған инвестициялық келісімге қол қою рәсімі өтті. Іс-шараға «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек қатысты.

Құжатқа Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен «Ақтау энергетика компаниясы» ЖШС басшысы Гэ Личунь қол қойды.

Жобаның жалпы құны шамамен 108 млрд теңгені құрайды. Қаржыландырудың 70%-ын қытайлық серіктес қамтамасыз етеді. Бұл инвестициялар қуат тапшылығын толтыруға, аймақтағы электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және жалпы елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға көмектеседі.

«МАЭК» ЖШС алаңында салынатын бу-газ қондырғысын іске қосу 2027 жылдың маусымына жоспарланған.

Келісімге сәйкес, 300-ден астам жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ қазақстандық мамандарға Қытайдың салалық жоғары оқу орындарында «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша магистратурада білім алу үшін жыл сайын гранттар бөлінеді. Бұдан бөлек, кадрлардың біліктілігін арттыру және үздіксіз оқыту жүйесі енгізіледі.

Келісім мерзімі аяқталғаннан кейін бу-газ қондырғысы «МАЭК» ЖШС теңгеріміне өтеусіз беріледі. Жоба өңірдегі қуат тапшылығын азайтып, электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және батыс энергетикалық жүйенің тұрақтылығын күшейтуге бағытталған. Сондай-ақ, компания бұған дейін «МАЭК» ЖШС-нің қолданыстағы қуаттарын кеңейту жұмыстарын бастаған болатын.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге