Медиа орталық

Ақтау қаласында сомасы $1,8 млрд құрайтын инвестициялық жобаның қазығы салынды

Ақтау қаласында сомасы $1,8 млрд құрайтын инвестициялық жобаның қазығы салынды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында метанол мен олефиндер өндірісі жөніндегі газхимиялық кешеннің капсуласын салды. Арнайы технологиялар бойынша табиғи газ бен метанолды қайта өңдеу жөніндегі газхимиялық кешеннің құрылысы бойынша жоба «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен іске асырылуда. Жобаның инвесторы сингапурлық WestGasOil компаниясы.

Инвестиция көлемі $1,8 млрд құрайтын жоба газды метанолға және одан ары метанолды олефиндерге қайта өңдеуді қарастырады. Зауыт «Ақтау Теңіз порты» АЭА аумағында орналасады. Инвесторлар атап өткендей, бұл инфрақұрылымға қолжетімділікті және өнімді тасымалдауды айтарлықтай оңтайландырады. Өндіріс нысандарының құрылысын екі жыл ішінде іске асыру және жұмыс жасаудың үшінші жылында жобалық қуаттылыққа шығу жоспарлануда.

Толық өндіріс қуатына шыққан соң, жыл сайын жоба пластик, полипропилен және полиэтилен өндірісі сияқты салаларда қолданылатын АА тобына жататын 1800 мың тонна метанол және 600 мың тонна олефиндер өндіретін болады деп жоспарлануда.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мамандары атап өткендей, аталған жобаның іске асырылуы табиғи газды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді және елдің экономикасын диверсификациялауды жеделдету жөніндегі мемлекеттік тапсырмалар шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің дамуына ықпал етеді.

«Бұл жобаның негізі сингапурлық инвесторлармен ағымдағы жылдың мамыр айында KGIR-2019 үшінші жыл сайынғы жаһандық инвестициялар бойынша дөңгелек үстел шеңберінде Маңғыстау облысының әкімдігі мен сингапурлық WestGasOil компаниясы арасында меморандумға қол қойылған кезде қаланды. 6 ай өткен соң метанол мен олефиндер өндірісі жөніндегі зауыт құрылысының капсуласы салынды. Бұл инвестициялық климаттың және шетелдік инвесторлардың біздің елімізге деген сенімінің жоғарғы бағасын білдіреді. Бұл кешен біздің облыста бұдан ары 40-тан астам атаулы өнімдер өндіретін газхимиялық саланы дамытудың драйвері болады деп есептеймін», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Маңғыстау облысы бойынша өңірлік өкілдігінің директоры Айдын Тұмышев.

Өз кезегінде, шетелдік компанияның өкілдері Қазақстанның қолайлы инвестициялық климатын, оның ішінде, мемлекеттік қолдау шаралары мен инвестициялық жобаларды сүйемелдеу үдерісіне жоғары баға берді.

«Мен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Энергетика министрлігіне, KAZAKH INVEST ұлттық компаниясына, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар мен даму институттарына біздің инвестициялық жобаны жүзеге асыруға жан-жақты қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Қазақстанда билик органдары мен бизнес өкілдері арасында түсіністік орнағанын атап өткім келеді. Біз нысанның сәтті іске асырылуына және одан арғы екіжақты жемісті серіктестікке үміттенеміз», - деп айтты WestGasOil Pte Ltd атқарушы директоры Лим Жэнь Цзе.

Жоба жоғары әлеуметтік-экономикалық тиімділікке ие, оның ішінде, бюджетке салық түсімдерінің артуы, 650 тұрақты жұмыс орындарымен және құрылыс кезеңінде 4000 жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Жалпы, кешеннің құрылысы өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге