ҚР СІМ басшысының орынбасары А.Айдаров: пандемия жағдайында 41 инвестжоба жүзеге асырылып, 7 мың жаңа жұмыс орны пайда болды

ҚР СІМ басшысының орынбасары А.Айдаров: пандемия жағдайында 41 инвестжоба жүзеге асырылып, 7 мың жаңа жұмыс орны пайда болды

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 31 мамыры – ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері бойынша брифинг өтті.

Брифингке ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, ҚР СІМ Инвестиция комитеті Төрағасының м.а. Ардақ Зебешев және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов қатысты.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Айдаров Covid-19 пандемиясы жағдайында мемлекеттердің «экономикалық эгоизмы» күшюінің нәтижесінде ЮНКТАД мәліметіне қарағанда әлемдегі инвестициялық ағымдар 42%-ке азайды. Ұлттық банк деректеріне қарағанда Қазақстанда аталған көрсеткіш 30%-ке төмендеді.

«Мемлекет қолға алған қадамдардың арқасында 2020 жылы Қазақстанға ЕО елдерінен, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Жапония, БАӘ және тағы да басқа мемлекеттерден 17,1 млрд. АҚШ доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мүмкін болды», – деді осы орайда А. Айдаров.

Пандемияға дейін қолға алынған жобалардың тоқтап қалуын болдырмауға қол жеткізілгені және 2020 жылы 7 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 1,6 млрд. АҚШ долларына 41 инвестициялық жоба пайдалануға енгізілгені маңызды.

Соңғы кездегі көзге түсер үрдіс ретінде фармацевтика, логистика, ақпараттық және жасыл технологиялар, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу сияқты салаларға инвестициялардың өсуі атап өтілді.

«2021 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысымен өңдеуші өнеркәсіпке капитал салу көлемі былтырдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе өсіп, 397,7 миллиард теңге құрады», – деп баса айтты осы орайда А. Айдаров.

Жалпы, халықаралық ұйымдар әлемдегі инвестициялық белсенділіктің дағдарысқа дейінгі қалпына оралуын 2023 жылға болжап отыр,

А. Айдаров өз ведомствосы мен ҚР елшіліктерінің басқа елдердің инвестициялық әлеуетін іске асыру аясында жаңа шетелдік инвестициялар ағынын қамтамасыз ету бойынша жүргізіп жатқан белсенді жұмысы туралы айтып берді. Ол үшін үш деңгейлі жүйе механизмі құрылды, оның аясында сыртқы периметрде ҚР шет елдердегі мекемелері үшін жаңа инвесторларды тарту бойынша нақты индикаторлары бар 2021-2025 жылдарға арналған елдік инвестициялық бағдарламалар әзірленді.

Бұдан басқа, ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша сапалы инвестициялар ағынын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың басынан бастап стратегиялық инвесторлар үшін жаңа инвестициялық құрал инвесторларға ерекше жағдай жасайтын және Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің барлық спектрін ашуға көмектесетін - Инвестициялар туралы келісім енгізілді.

ҚР СІМ Инвестиция комитеті Төрағасының м.а. А. Зебешев өз сөзінде инвестицияларды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған жүйелі және операциялық шараларды іске асыру векторы туралы айтып берді. Оның ішінде инвестициялық омбудсмен институтын күшейтумен қатар, шетелдік инвесторлар Кеңесінің қызметін жаңғыртуды, сондай-ақ өзге де шараларды атап өтті.

А.Зебешевтің айтуынша, жаңа реформалар инвестицияларды басқарудың және инвесторлармен атаулы жұмыстың жаңа алгоритмін бекітуге әкелді. Осылайша, ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен инвестициялық штаб құрылды, оның шеңберінде шетелдік инвесторлардың туындайтын проблемалық мәселелері және инвестициялық жобаларды іс жүзінде іске асыру мәселелері үнемі қаралады. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және «АХҚО» АҚ базасында инвесторлармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін арнайы келіссөздер командасы - Task Force құрылды. Проактивті жұмысқа тарту мақсатында орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға негізгі капиталға инвестициялар көлемі және тікелей шетелдік инвестициялар бойынша 5 жылдық нысаналы көрсеткіштер белгіленген. Бірінші басшылардың орынбасарларына инвестицияларды тарту, инвесторлармен жұмыс істеу бойынша міндеттер жүктелді. Жыл сайынғы негізде нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу және инвестициялар жөніндегі жоспарды орындау бойынша өңірлердің рейтингі жүргізілетін болады.

Инвестиция комитеті басшысының м.а. айтуынша, аталған шаралар 2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін ЖІӨ-нің 30%-ына, ал тікелей шетелдік инвестициялар көлемін 30 млрд. АҚШ долларға дейін жеткізуі тиіс.

Инвесторларға қолайлылықты арттыру мақсатында инвестициялық келісімшарттар жасасу бойынша Мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Пандемия кезінде онлайн режимге көшудің арқасында 2020 жылға арналған келісімшарттардың саны мен сомасын сақтап қана қоймай, ұлғайтуға да қол жеткізілді. Нәтижесінде, былтыр жалпы сомасы 635 млрд. теңгеге 56 инвестициялық келісімшарт жасалды (оның ішінде 46-ы e-license порталы арқылы онлайн жасалды), бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Олардың ішінде, өңдеу өнеркәсібі саласында 51,2 млрд. теңге сомасына 8 келісімшарт жасалды.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы М.Юсупов ұлттық компанияның қолдауымен іске асырылып жатқан жобаларға егжей-тегжейлі тоқталды.

2020 жылы «KAZAKH INVEST» ҰК» орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстанда өндірісті ұйымдастыру үшін неғұрлым перспективалы тауар топтарын және тауашалы жобаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізілді. Шетелдік инвесторлар үшін халықаралық компанияны тарта отырып, 2,8 млрд, АҚШ доллары сомасына 70 инвестициялық ұсыныс әзірленді. Жобалар бойынша деректер халықаралық стандарттар бойынша әзірленген тизерді, бизнес-жоспарды және қаржылық модельді қамтиды.

Дайындалған жобалардың ең көп саны агроөнеркәсіптік кешен – 33 (жоба), тау-кен металлургия кешені – 7, машина жасау – 6, құрылыс материалдары өндірісі – 6, денсаулық сақтау және фармацевтика – 5 және өзге де (13 жоба) салаларға тиесілі. Қазіргі уақытта 1,7 млрд. АҚШ доллары сомасына 32 жоба бойынша инвесторлармен нақты жұмыс жүргізілуде.

М.Юсупов 2021 жылдың 1 тоқсанындағы ұлттық компания жұмысының нәтижелерімен бөлісті. Үш айдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 665 млн. АҚШ доллары сомасына 9 жоба іске асырылды. Оның ішінде ЖЭК саласына 172 млн. АҚШ долларына 4 жоба, мұнай-газ химиясы саласына 110 млн. АҚШ долларына 2 жоба, сондай-ақ металлургия, құрылыс материалдарын өндіру және туризм келеді. Осы жылдың соңына дейін шамамен 4,4 млрд. АҚШ доллары сомасына тағы 36 жобаны пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге