Медиа орталық

Маңғыстау облысы цифрлық хабқа айналады. Ұлыбританиялық инвесторлар аймақтағы жобаларды дамытуға мүдделі

Маңғыстау облысы цифрлық хабқа айналады. Ұлыбританиялық инвесторлар аймақтағы жобаларды дамытуға мүдделі

Маңғыстау облысының аумағында Digital Hub құру мәселелері Каспий цифрлық хабын құру жобасы бойынша кеңесте қаралды. Жиында ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігінің, ҚР Сыртқы істер, цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі, индустрия және инфрақұрылымдық даму, энергетика министрліктерінің, Маңғыстау облысы әкімдігінің, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ, KIDF тікелей инвестициялар қорының, "Транстелеком"АҚ өкілдері қатысты.

Каспий цифрлық хабы (Caspian Digital Hub) Каспий теңізінің түбі бойынша ТОТЖ (талшықты-оптикалық тарату желісі) құрылысын және Каспий теңізінің түбі бойынша су асты оптикалық талшықты кәбілді төсеу жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ Ақтау мен Бакуда екі деректерді өңдеу орталығын салуды қамтиды. Жобаны іске асыру Еуропадан Азияға, Әзірбайжан мен Қазақстан арқылы деректерді өткізу үшін байланыс арнасын құруға мүмкіндік береді.

Жоба Еуразиялық өңірде ашық ақпараттық қоғам құруға және интернет-қызметтерді дамытуға ықпал етеді, бұл өңір елдерінің экономикасын дамытуға және әртараптандыруға оң әсерін тигізеді.

Отырыс барысында мемлекеттік органдардың қатысуымен назарды және шешімдерді талап ететін мәселелер қаралды. Мысалы, дата-орталықтарды үздіксіз қоректендірумен қамтамасыз ету үшін, деректерді өңдеу орталықтарына жақын орналасқан, газда немесе жаңғыртылатын көздерде жұмыс істейтін электр станциясы болуы қажет. Сонымен қатар, бірқатар ұйымдастыру мәселелерін шешу қажет: жол картасын пысықтау, жобаны іске асыру үшін мүдделі тұлғалардың тығыз өзара іс-қимылы талап етіледі.

Өз кезегінде KAZAKH INVEST тарапынан ықтимал преференциялар, тәуекелдер, сондай-ақ әлеуетті инвесторларды сервистік қолдау бойынша бірқатар шаралар туралы баяндама жасалынды. Инвестиция тарту жөніндегі мекеме бола отырып, KAZAKH INVEST жобаны іске асырудың барлық кезеңдердің ішінде инвесторларды сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар шетелдік инвесторлар мен ірі трансұлттық компанияларды тартуға ықпал ететің бірқатар шарттар айтылды. Олардың арасында Microsoft, Google, Amazon, Facebook және Apple сияқты халықаралық жоғары технологиялық компаниялар.

"Бүгінгі таңда жобаға Ұлыбритания компаниялары қызығушылық танытуда, олар құрылысты, осындай нысандарды басқаруды жүзеге асырады, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша энергия генерациялайтын қуаттарға ие. Сонымен қатар, жобаға үлестік қатысу үшін халықаралық инвестициялық компанияларды тарту қарастырылуда. Инвесторлардың қатысуымен Транскаспий ТОТЖ құру екі мемлекеттің экономикасын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, сондай-ақ Каспий маңы аймағындағы бизнес-белсенділікті ынталандыруға ықпал етеді. Нәтижесінде ел өз аумағында технологиялық хабқа, сондай-ақ құрылыс кезінде де, пайдалану кезінде де жаңа жұмыс орындарына ие болады", - деп атап өтті KAZAKH INVEST IT-жобаларының жетекшісі Яхия Төлешов.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстан мен Әзірбайжан Премьер-министрлері Каспий теңізі түбіндегі екі ел арасындағы талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы бойынша TransCaspian Fiber Optic жобасын іске қосты. Жоба ҚР аумағында деректерді өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге және Азия-Еуропа бағыты бойынша деректер транзитін ұлғайтуға бағытталған. Каспий теңізінің түбі бойынша кабельдің ұзындығы 400 км, деректерді өткізудің жобалық сыйымдылығы – секундына 4-6 терабиттен кем болмайды. Транскаспий магистралін салу мақсатында екі елдің телекоммуникациялық операторлары арасында консорциум құрылды, бірлескен жұмыс тобы құрылды, сондай-ақ құрылыс үшін бірлескен шартқа қол қойылды. ТОТЖ 2021 жылдың соңына дейін  пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге