Медиа орталық

Жаңаөзенде жергілікті инвесторлар екі жобаны іске қосты

Жаңаөзенде жергілікті инвесторлар екі жобаны іске қосты

Қазақстандық инвесторлар Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында тамақ өнеркәсібі және энергетика саласындағы екі жобаны іске қосты. Ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өңірлік өкілі Айдын Тұмышев, сондай-ақ белсенділер мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Осылайша, қуаттылығы 30,4 МВт болатын шағын газ поршеньді электр станциялары базасында электр энергиясын өндіретін зауыт іске қосылды. Кәсіпорын жыл сайын шамамен 219 млн кВт*сағ электр энергиясын өндіреді деп жоспарлануда. «ОралМунайПром»ЖШС компаниясы инвесторларының жобасы KAZAKH INVEST қолдауымен жүзеге асырылды. Станцияның жалпы жобалық құны 5,4 млрд теңгені құрады. Мамандардың айтуынша, бұл инвестициялық жобаны жүзеге асыру жақын маңдағы кәсіпорындарды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, электр энергиясын тасымалдауға тарифтердің болмауы есебінен жоба жыл сайын шамамен 1 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда компания қосымша 50 тұрақты жұмыс орнын құрды.

«Бұл жоба үздік техникалық және халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылды және экологиялық таза электр энергиясын өндіруге және «ҚазГӨЗ» ЖШС қала құраушы кәсіпорнының сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Озық герман жабдығымен жарақтандырылған бұл жобаның шетелдік консультанттарды тікелей тартпай, зауыттың өзінің отандық мамандарымен салынғаны және пайдалануға берілгені біз үшін ерекше мақтаныш. Бұл біздің отандық кадрлардың жоғары әлеуетін көрсетеді, біз оны одан әрі дамытатын боламыз», - деп атап өтті «ОралМұнайпром» ЖШС директоры Нұрлан Өміржанов.

Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Маңғыстау облысы бойынша өңірлік өкілі Айдын Тұмышев «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ еншілес қорынан жеңілдікті қаржыландыру бағдарламасы бойынша айтарлықтай қаржылық қолдау алынғанын атап өтті. Сонымен қатар, жергілікті биліктің қолдауымен жобаны жүзеге асыру үшін инвестициялық алаң ұсынылды.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай қант шикізатын қайта өңдеу және оның негізінде құмшекер мен науат өндіру жөніндегі жаңа шағын зауыт пайдалануға берілді.

Компанияда хабарлағандай, өндіріске салынған инвестициялардың жалпы көлемі 278 млн теңгені құрады. 30-дан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Зауыттыңөндірістік қуаты - жылына 3600 тонна өнім.

«Осы жобаның арқасында Маңғыстау облысына 9,6 мың тонна қант әкелу көлемі 6 мың тоннаға дейін төмендетіледі. Бұл жоба жалпы тұтынуды ұлғайтады және ішкі нарықты тұтынудың 30%-ын қамтамасыз етеді. Кейіннен, осы жоба арқылы осы бағытта біздің облыстың одан да үлкен орнын аламыз деп үміттенеміз», - деп атап өтті «Орда» өндірістік компаниясы» ЖШС директоры Ерболат Сүлейменов.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Маңғыстау облысының 2020-2025 жылдарға арналған инвестициялық қоржынында жалпы сомасы 591,5 млрд теңге болатын 44 инвестициялық жоба бар. Оның ішінде шетелдің қатысуымен құны 283 млрд теңге болатын 7 жоба бар. 2020 жылы Маңғыстау облысында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің көрсеткіші 450 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылы жалпы сомасы 98,1 млрдтеңгеге 1000-нан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 14 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде 75,1 млрд теңге сомасына 4 жоба іске асырылды, 23 млрд теңге сомасы болатын тағы 10 жобаны ағымдағы жылдың соңына дейін іске асыру жоспарланып отыр.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге