Медиа орталық

Қазақстан мен Оңтүстік Корея логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Оңтүстік Корея логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

31 тамызда Пусан Экономикалық Даму Агенттігінің (BEPA), Маңғыстау облысы әкімдігінің және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен Ақтауда аймақтың және Қазақстанның көліктік-логистикалық әлеуетін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға екі елдің мемлекеттік органдары мен жеке бизнес өкілдері қатысты.

Шараны ашқан Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев өңірдің экономикалық және инвестициялық әлеуеті зор екенін, сонымен қатар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда көліктік-транзиттік әлеуетті дамыту және көлік дәліздерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Копия DSC_1750+.jpeg

Өз кезегінде BEPA президенті Джин Янг Хён Қазақстанның көлік-логистикалық секторында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, оның ішінде Оңтүстік Корея өнімдерін ЕО елдеріне жеткізуге қызығушылық танытты. BEPA басшысы тұрақсыз геосаяси жағдай елдерді көлік бағыттарын әртараптандыруға итермелейтінін атап өтті.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның елдегі менеджері Әлия Әбділдина Қазақстанның көлік-логистика саласындағы инвестициялық мүмкіндіктеріне тоқталып, өткен жылы Оңтүстік Корея Қазақстанның 10 үздік инвестор елдерінің қатарына кіргенін атап өтті. Мәселен, 2022 жылы тікелей инвестицияның жалпы көлемі 1 миллиард доллардан асты, ал соңғы 15 жылда Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасына 6 миллиард доллардан астам инвестиция құйды. Ұлттық компания өкілі өз сөзінде еліміздің порт инфрақұрылымын, атап айтқанда, Ақтау және Құрық порттарында терминалдық құрылыстар мен контейнерлік хаб салу жобаларын зерделеуді ұсынды, сондай-ақ корей тарапын Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамытуда белсендірек қатысуға шақырды.

370928895_639438061648200_4488841072155663059_n.jpeg

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті, «KTZ Express» АҚ, «Транскаспий халықаралық көлік маршруты» халықаралық қауымдастығы, «Порт Құрық» ЖШС, Пусан даму институтының және «Sinokor Merchant Marine», «Unico Logistics», «All the Best Logistics» и «JUNGGIN Customs Service»  кореялық ірі логистикалық компанияларының өкілдері қатысты.

DSC_1787+.jpeg

Сонымен қатар, облыстың логистикалық мүмкіндіктерімен толығырақ танысу үшін корейлік делегация «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында болып, «Ақтау теңіз сауда порты» АҚ қызметімен танысты.

DSC_1680+.jpeg

DSC_1704+.jpeg

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге